Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрыңғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев сырттай 20-жылға сотталды. Сондай-ақ, дүние-мүлкі тәркіленеді. Және «Халықаралық Манас әуежайына» 9,6 млн. доллар төлеу міндеттелді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының ресми сайтында жарияланды. Әділ Тойғанбаев Қазақстан азаматы. А. Ақаевтың қызы Бермет Ақаеваның бұрыңғы күйеуі. 2005 жылға дейін бірқатар БАҚ-ры мен кәсіпорындардың қожайыны болған. Қырғыз Республикасындағы аса дәулеттің адамдардың тізіміне енген. Ақаевты биліктен қуған соң, күйеу балаға қарсы «Салықтан жалтару», «Мемлекет мүлкін ұрлау», «Алаяқтық жасады» деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Ә. Тойғанбаевқа Интерпол бойынша халықаралық іздеу жарияланған. КирТаг агенттігінің жазуынша қашқын « күйеу бала» 2016 жылы Дубайда ұсталды. Алайда ресми Бішкек оны экстрадициялай алмады.