Кремль Украина мен Сириядан әскерлерін алып кетпегенше, Ресейге салынған санкциялар алынбайды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
«Президент Путинмен болған кездесуде санкция мәселесі сөз болған жоқ. Украина мен Сирия мәселесі шешілмейінше біз ешнәрсе де жасамаймыз!», — деп жазды Д. Трамп өз Твиттерінде.
Ресей 2014 жылы Украина аймағына кіріп, Қырым Ресей Федерациясының құрамына кірді. Сондай-ақ, Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстары «ДНР»(Донецк халық республикасы), «ЛНР»(Луганск халық республикасы) деп өздерін жариялады. Украина және шетелдік ақпарат құралдары сепаратисттер басып алған өңірден Ресей әскерлерінің кіргенін талай рет хабарлаған. 2015 жылы ресми Мәскеу Сирияның ішкі мәселесіне араласып, АҚШ қолдап отырған ел оппозициясына қарсы Башар Асадтың режимін қолдады.