Соңғы алты жыл бойы еліміздің идеологиясын жүргізіп келген Бағлан Майлыбаев бес жылға сотталды. Президент әкімшілігінің қызметкері Николай Галихин болса 4-жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы juldyz.kz сайты Астана қаласының сотына сілтеме жасап хабарлайды.
Елордадағы №2 аудандық соты ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев және ПӘ-нің қызметкері Николай Галихинді қылмыстық кодекстің 361 және 185 бабы бойынша үкім шығарды. Б. Майлыбаевтың мүлкі тәркіленіп, 5 жылға сотталды. Үкімге сәйкес өмір бойы мемлекеттік қызметке бара алмайды. Галихин төрт жылға бас бостандығынан айрылды. Ол мемлекеттік қызметте 3 жыл істей алмайды. Сондай-ақ, сотталғандар барлық мемлекеттік сыйлықтан айрылулары мүмкін. Айта кетейік, Бағлан Майлыбаевқа «Мемлекеттік құпияларды жария етті» деген айып тағылып осы жылдың 16 қаңтарында қамалған болатын.