Біз соғысты кім бастағанын білеміз. Ресей агрессор мемлекет. Украина басшысы П. Порошенкомен бірге өткізген баспасөз маслихатында Франция президенті Эммануэль Макрон осылай деді.
«Агрессия танытып отырған Ресей екенін ұмытпау керек. Яғни Украина тарапынан агрессия жоқ. Сондай-ақ, біз Қырымда өткен референдумды мойындамаймыз. Кімнің соғыс отын тұтатқанын білеміз», — деді президент Макрон.
Франция президенті Минск келісімін барлық тараптың орындауы керектігін де айтып өтті.