Өнерпаз болуға талаптанған әрбір адам өз қазанында ғана қайнап қалу керек пе?! Өзге елді талантыңмен таңқалдыру нағыз өнерпаз деген атқа өлшем болса керек-ті. Музыка өнері басқалардан еш кем емес қазақ Әміре Парижді әнмен бағындырды деген сөзді бүгінге дейін айтып келе жатыр. Өйткені, өнерде шекара болмайды деген ұғым бар. Бүгінде қазақ эстрадасы жайлы сөз қозғалса әншінің тойдағы салған әнінің құны, киген киімі, ары кетсе түсірген бейнебаяны сөз болады. Орталық телеарналарда олардың зәулім үйлері көрсетіледі. Әншіге жиған-тергені мақтан болмақ па?.. Әлде той жасаудан өзара жарысқа түсіп, дарақы  мінезіміз өнерге өз салқынын тигізді ме екен. Осы тұрғыдан әншілеріміз неге халықаралық байқауларға қатысып, өнердегі өрісін кеңейтуге ықылас таныта бермейді деген сұрақ төңірегінде  сауалнама ұйымдастырған едік.

Жанна Абу, продюсер:  

МЕН ЖОБАЛАРЫМДЫ КОНКУРСТАРҒА ҚАТЫСТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ ДЕП ОЙЛАЙМЫН. ӨЗІМ ОНДАЙДЫ ҰНАТПАЙМЫН. ӘР ПРОДЮСЕРДІҢ ӨЗІНІҢ ТӘРТІБІ БОЛАДЫ. ЖОБАЛАРЫМ МЕНІҢ АЙТҚАНЫММЕН ҒАНА ЖҮРЕДІ. СОНДЫҚТАН, КОНКУРС ДЕГЕНГЕ ӨЗІМ ҚАРСЫМЫН.

Осы және өзге де өнер иелерінің жауаптары мен жалпы сауалнаманың толық нұсқасы мына сілтемеде.

Пікір қосу