«Менің қолдаушыларым көп. Бір кезде өзім басқарған М. Әуезов атындағы театр ұжымы іштей қолдап отырғанын білемін». Алматыда 15 шілде күні «Феникс ісі» бойынша шыққан шешімге байланысты баспасөз маслихатын өткізген актер осылай деген еді. Ұзақ жылдан бері Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында дәріс оқитын белгілі актер қиын кезде шәкірттерінің іс-әрекетін де айтып берді. juldyz.kz сайты Тұңғышбай Жаманқұловтың сөзін ұсынады.

Тұңғышбай Жаманқұлов, Халық әртісі:

Көбентай бір сұхбатында: «Тұңғышбай ағаның біраз шәкірттері қорқып қырап ағаға жолай алмай жүр» – деп айтқан екен. Бір ақпарат құралдары  былай жазып жіберіпті: «Тұңғышбай Жаманқұловтан өзінің шәкірттері мен Әуезов театры теріс айналып кетіпті».  Бұл енді жалған ақпарат. Теріс айналған ешкім жоқ. Барлық Әуезов театры іштей мен десе жандары ауырып отыр. Бірақ оның директоры Ерлан Біләл мырза Арыстанбек Мұмамедиұлының кадры. Соның тағайындаған адамы болғасын тапсырмасын орындап отыр. Ерланға тапсырма берілді: Т. Жаманқұловтың шәкірттері болсын, әртістер болсын, үйіне бармасын. Жоламасын. Фейсбукке суреттерін салмасын. Ешқандай коммент жазбасын. Жазатын болсаңдар, театрдан шығасыңдар деген сөзді айтып отыр. Ерлан Біләл деген – менің шәкіртім. Құдайдан қайтсын. Ол жігітті оқытқан мен. Басты рөлдерді беріп, осындай биіктікке жетуге себепкер болған да мен. Менің келіншегімнің өмірбақиғы сахнадағы партнеры. Қандай спектакль қойсам да Ерлан Біләлға басты рөл бердім. Оған пәтер алып бердім, сахнадан суып қалмасын деп кезінде әскерден де алып қалғанмын. Кезінде театрда үлкен кісілердің маған өкпелегені бар. 20–ғы Баянды 50-дегі актрисаға ойнатқанды қояйық деп мен айтқам. Жастар бар. Жастарға жол ашайық деген едім. Сондықтан да менен теріс айналып кеткен шәкірттерім жоқ. Бәрі іштерінде. Әрине енді қайткен күнде де министрге тәуелді болғаннан кейін Ерлан сияқты мен бұл жерде аулақпын деп жүргендер бар.

Айта кетейік, бұл баспасөз маслихатын Қадырғали Көбентай, Сәуле Әбединова бастаған Т. Жаманқұловтың шәкірттері ұйымдастырған болатын.

 

 

 

Пікір қосу