Испаниялық спортшы «Ролан Гарростан» кейін тынығуы керек. Рафаэль Надаль дәрігерлердің кеңесінен кейін 19 маусымда басталатын Лондандағы турнирге қатысудан бастартқан. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.
Он мәрте Францияның ашық біріншілігінде топ жарған, «алтын шлем» иегері бұл жаңалықпен өз твиттерінде бөлісті.
«Бұл турнирге қатыса алмайтыныма қатты өкінем. Бқл туралы хабарлаудың өзі өкінішті. Мен бұл турнирді жақсы көрем. 2008 жылы ұтып та алған едім. Үнемі «Уимблдон» финалына жеткенде лондондық турнирден кейін осылай болады. Мен өз бабыма келемін деп үміттендім. Команда мен дәрігер кеңесінен кейін демалыс алуды жөн санадым », – деп жазды Надаль.