Құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де «Астана мюзикл» театры көрермендерді жақсы қойылымдарме қуантып жүр. 16 маусым күні театр тағы бір премьера ұсынады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Ең алғаш құрылған кезінде театр ұжымы «Достар серті» қойылымын көрерменге ұсынған. Кейіннен «Ер Төстік» қойылымын ұсынса, енді 16 маусым мен 4 шілде аралығында «Ромео мен Джульетта» мюзиклін қояды.
Авторы – А. Пресгюрвик болса, режиссері – А. Маемиров. Басты рөлдерді Саламат Мұқашев пен Жарқынай Ханайым сомдап шығатын болады.
Еске сала кетейік, Жарқынай Ханайым – еліміздегі ең ірі «Жанды дауыс» мегажобасының жеңімпазы атанып, былтыр продюсер Баян Мақсатқызының жаңа жобасы ретінде ұсынылған. Дегенмен әзірге театрдағы қызметін жалғастырып жатқаны байқалады. Продюсер Б. Мақсатқызының өзі инстаграм парақшасына Жарқынайды құттықтап арнайы пост жариялаған. Онда былай делінген:
Бір жыл бұрын біз сіздерге керемет орындаушы Жарқынай Ханайымды жаңа жоба ретінде ұсынған болатынбыз. Бәрі жақсы болар еді… Арада жыл өтті. Сен үшін өте қуаныштымын, Жарқынай, Джульеттаның рөлі сенікі! Біз міндетті түрде жұмыс істейтін боламыз! Аз қалды, аз! Сәттілік саған!