56 жыл кино саласында үздіксіз қызмет етіп келетін әлемге танымал актер Джеки Чан Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылуына арнайы келген болатын.
Еліміздің журналистері, артистері мен режиссерлерінің барлығы оны күтіп алуға жиналғандығын сайтымызда жазған болатынбыз. Бүгінде оның видеолары түгел желілерде жарияланып үлгерді.
Джеки Чан сұхбат алушы журналистерге өзінің Қазақстандағы кинемотография саласында жұмыс істеп көргісі келетіндігін жеткізген және Димаш Құдайбергеннен жақсы актер шығатын айтқан. Ресми ашылу салтанатынан кейінгі бейресми отырыс кезінде актердің қазақстандық тележүргізуші Динара Сатжанмен билегенін инстаграм парақшасында Динара ханымның өзі жариялады.
Кейбір пікір білдірушілердің жазуынша, Джеки Чанның Қазақстанға келуіне Димаштың ықпалы бар. Димаш Құдайбергенге бүкіл әлем де, Джеки Чан да ризашылық білдіріп, қызығушылық танытқаны ақиқат. Бүгінде Димаш туған елді көргісі де келген шығар, кім білсін. Ерлан Қарин мырза танымал актерге күміс кісе (белбеу) сый тартты. Оны Динара Сатжан инстаграм парақшасына жариялады.
Айта кетейік, Қытай киносы фестивалі 7-18 маусым аралығында болады.