Осы жылы тегін медициналық көмекке бөлінетін қаражат 32 пайызға өседі. Ол дегеніңіз 955,7 млрд теңге. Соңғы бес жыл ішінде бұл салаға бөлінген ақша үш рет көбейген. 2019 жылы үкімет 1,1 трлн теңге бөлетін болады. Жалпы, әрбір Қазақстан азаматына тегін медициналық көмек үшін 52 мыңнан келеді екен. Бұл туралы juldyz.kz kursiv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы жылдың екінші жартысынан бастап міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы аясында 140 млн теңгеге тегін ем-дом жасалады. 2018 жылы бұл сумма 331 млрд теңгеге, ал 2019 жылы 337 млрд. теңгеге жетпек. Осы жылдың соңында медициналық сақтандыру қорына шамамен 662,2 млрд теңге түседі деп күтілуде. Былтырғы жылы тегін емге арналған дәрілер үшін қазынадан бөлінетін ақша 21 пайызға өскен. Яғни 86,5 млрд теңгені құраған-ды. Биыл тағы да 8 пайызғ артып 93,7 млрд теңгеге жетпек.