Қазақстан үкіметі ұлттық пантеонға қатысты өз қаулысын бекітті. Құжатқа сәйкес пантеон сәулетті мемориалды нысан болып табылады. Ол жерге әр салада жемісті еңбек еткен, еліміздің біртуар тұлғалары жерленеді. Ұлттық пантеон Астана қаласының аумағында жергілікті билік қарамағында. Бұл жерге Қазақстанның президенттері мен отбасы жерленетін болады. Бұл туралы juldyz.kz КАЗИНФОРМҒА сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет басшылары мен орынбасарлары, Парламенттің қос палатасының спикерлері мен орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, Президент әкімшілігінің жетекшілері, Конституциялық кеңес пен жоғарғы сот, ұлттық банк төрағалары, министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, Президентке тікелей бағынғандар, облыс әкімдері, мемлекеттік маңызға ие қала әкімдері де пантеонда жерленетін болады. Бұл тізімге: Халық қаһарманы, Қазақстанның еңбек ері, Алтын қыран, Отан, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Еңбек даңқы орденімен марапатталғандар. Совет одағының батырлары, Социалисттік еңбек ері, Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы және Президенттің ерекше шешімі бойынша басқада адамдар ұлттық пантеонға жерленеді.