Отандық режиссер Ермек Тұрсынов «Киномеханик» атты толықметражды картинаның түсіріліміне дайындалуда, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.
Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» және «Тұрсынов фильм» ЖШС киностудияларымен түсіріледі. Жобаның продюсері — Қанат Төребаев.
«Киномеханик» кинотаспасы Ұлы Отан соғысы кезінде бір ер азаматты құтқарып қалған сарбаз туралы баяндайды. Аман қалған азамат сарбазға сыйлық ретінде кинопроекторды ұсынады. Кейіпкер сол уақыттан бүгінгі күнге дейін киноаппараттан бір елі ажырамайды. Ел аралап, әлемді жақсы жаққа қарай өзгерту мақсатымен ескі фильмдерді көрсетіп жүреді.
Айта кетейік, соғыс эпизодтарының түсірілімі былтырғы жылдың желтоқсан айында Будапештте, Венгрияда өткен. Түсірілген материал 8 минутты ғана құраған.
Ал негізгі көріністер 31 мамырда Алматы облысында, Жаркент қаласының маңында түсірілетін болады.
Дереккөз: brod.kz