Осыдан бірнеше күн бұрын әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованың «Димаш Қайраттай бола алмайды» деген сөздері интернет порталдарда жарияланып, халық арасында үлкен дау туындаған. Кеше продюсердің өзі бұл сөздің бұрмалау екенін жеткізді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Г.Айдарбекованың инстаграмдағы жазбасын назарларыңызға ұсынамыз:
Бақытқа бастап барар жолын өнермен жалғап, еліне еркелеп ән салып жүрген Қайраттың әндері xалыққа қалтқысыз жеткізіп жатқаны рас. Жаратқанның өзі жарылқап тұрғанда оның жанған бағы жарқырап,жұлдызы жоғарылай беретіні айдан анық емес пе? Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін тыңдайтын Қайрат шын өнердің шынайы иесіне айналып xалық мойындап қойғалы қашан? Қазіргі таңда, әлеументтік желі еріккендердің ермегіне айналып, көгілдір экранның ар жағынан ақыл үйретуге бейім xалық қаңқуы мен бірнәрсені айтса, сол жаққа еріп кететін желіккендердің ортасына айналып барады. Ағы мен қарасын ажырата алмай тұрып, кейбір «күншілдердің» сөзі өзгелерден бұрын, ана жүрегіне, бала көңіліне қаншалықты әсер ететінін білмейтін сияқты. Өнер атты әлемде әр әншінің орны бір төбе дейтін болсақ, сол төбелердің шыңына жеткен жандардың бірі Қайрат. Өнер әлеміне енген жаңа бір адамды Қайратпен салыстыру қазірде үрдіске айналып бара жатқандай. Өздеріңіз көз жүгіртіп ойланып қарасаңыздар Қайрат алғаш шығып xалықтың жүрегін жаулай бастағанда «Бәрібір Мейрамбекке жете алмайды» деп бір шуласты. Одан соң Ернар, артынша Төреғали шыққанда, «Ойбай, Қайраттан асып кетті» деп тағы шулатты, тіптен суреттерін қатар қойып қайсысының киімі, даусы мықты деп желілерден рейтинг үшін, парақшаға адам санын көбейту үшін жанкүйерлерін жауластыра бастады.
Жақында ғана аспан асты әлемінде өткен байқаудан еліміздің абыройын арқалап барып, үмітімізді ақтаған Димашымыз шыққан күннен бастап Қайратпен салыстыру тіптен желдей есті. Мінекей, енді Димашты пайдалана отырып, Қайраттың қалай беделін түсіруді ойластырғандар тырнақ асты кір іздегендей, «Димаш Қайрат бола алмайды, ал Қайрат Димаш бола алмайды» деген әңгімені «Димаш Қайрат бола алмайды» деп жарты әңгімені қысқартып, іріткі салып, xалықты кері пікірге айдап салудың жолымен бақырайтып жазып желіге салды. Алтынға су жұқса да қараймайтыны сияқты Қайрат әрқашан Қайрат, ал Димаш әрқашан Димаш болып қалады. Халық әр адамның қайталанбас тұлға екенін түсінуі керек. Дегенмен түймедейді түйедей етіп көрсетіп, xалықты шулатуға әуес жандар бұл сөздерді бұрмалап тағы әкетті. Сіздер мына сұраққа жауап бере аласыздарма? Неге Мейрамбекті не болмаса Әлиді, Ернар, Төреғалиды салыстырмайды, неге кім шықсада тек Қайратпен салыстырып әлек?
«Қайрат той әншісі, Қайрат фонограммамен айтады, Қайрат Қарақалпақ, Қайраттың ата-анасы ажырасқан екен, өтірік спектакль қойып жүр». Шындығына келгенде, қаншама концерттерінде, мейлі жанды дауыста айтсын, мейлі жанды дауыста неше рет номинацияларды жеңіп алсын, ол жағына келгенде бәрі соқыр, керең. Қарақалпақстанның стадионына бір концерт беріп еді Қазақ емес Қарақалпақ болып қалды. Аке-шешесі бір күн не бір сағат ажырасып көрмеседе, Қайрат анасының артынан еріп келген бала болып, ұйқасы келмейтін өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай желіні жарған, жалпақ жұртты шулатқан жалған ақпараттар жаға ұстатты. Халық әншілерді салыстырып, бір-бірінің кемшілігін көрсетті делік, кімнің мықты екенін кімге дәлелдемек сонда?
«Біріңді қазақ бірің дос,көрмесең істің бәрі бос»деп Абай атамыз айтқандай, өз қазағымызды жамандап жау көретін болсақ не болғаны? Бұл арқылы тек қана әншілерді бір-біріне қарсы қойып отырған жоқ, олардың ата-аналарын, бауырларын, сайып келгенде бір қазақты екінші қазақпен жауластырып отыр. Бұдан түсер пайда не? Сондықтан әлеументтік желіге желпініп, шындық қайсы, жалған қайсы екенін білмей жатып, бос сөйлеуді доғару керек сияқты! Бір-бірімізді жамандап, аяқтан тартып, шығып бара жатқан шыңнан тартып қалуды, өшіруді ойлағанша, xалық алдындағы беделін биіктетіп өсіруге тырысайық, қазағым!
олардың ата-анасы сен сияқты көп сөлемейді.
сауатты сөйлеп үйрен
[…] 26-сы сайтымызда Гүлзира Айдарбекованың ренішін жеткізген болатынбыз. Димаштың «Мен әншімін» […]