Алдағы күзде режиссер Ақан Сатаевтың «Она» атты отандық фильмі жарыққа шығады. Бұл туралы brod.kz-ке сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.
Фильмдегі басты кейіпкерлерді Айсұлу Әзімбаева мен Анастасия Вострова сомдайды.
«Она» фильмі – қалада тұратын жас бойжеткен мен кішкентай қыз туралы баяндайтын психологиялық триллер. Екі кейіпкер де әдеттегідей өмір сүреді: қалада қыдырады, мейрамханалар мен дүкендерді аралайды, өз істерімен айналысады. Бір қызығы, қалада олардан басқа ешкім жоқ. Бірақ, кейіннен қалада тағы біреу барын сезеді, күдіктенеді. Сонымен қатар, киноның «Жалғандықтың да шегі бар» деген ресми ұраны да қызықтыра түседі.
Айта кетейік, Ақан Сатаев бұған дейін бұл жанрда 2009 жылы Андрей Мерзликиннің басты рөлді сомдауымен «Адасқандар» триллерін түсірген.