Мадриттік «Реал» екінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасын ұтқан команда болып тарихта қалуы мүмкін. Олар «Атлетико» командасын екі ойынның қортындысы бойынша (4-2) жеңіп, финалға шықты. Ақтық сында корольдық клубты «Ювентус» күтіп тұр.Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Жартылай финалдың қарымта ойыны «Висенте Кальдерон» стадионында өтті. «Атлетико» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алғашы екі гол «Реал» командасына соғылды. 12 минутта есепті Сауль Нигьес ашса, 16 минутта Антуан Гризманн пенальтиден есепті еселеді. 42 минутта Иско бір гол соғып, ойын 2:1 есебімен аяқталды. Бірінші ойында Зинедин Зидан командасы өз қарсыласын 3:0 есебімен жеңген еді. «Реал»  чемпиондар лигасының финалына соңғы 4-жылда үш рет шығып отыр. Жалпы, бұл беделді футбол додасының финалында «Реал» 15-рет ойнаған. Оның 11-де чемпион атанған. Чемпиондар лигасының финалы биыл 3 маусымда Уэльстің Кардифф қаласында өтеді. Гарет Бейлдың отанында «Реал» «Ювентус» футбол клубымен ойнайды. Бұл қос ұжым 1998 жылы чемпиондар лигасының финалында кездескен болатын. Ол кезде «Реал» жеңген еді.   Әрине, жергілікті жанкүйерлер финалдық ойында өздерінің даңқты футболшылары Гарет Бейлдың алаңға шығуын күтеді.

 

 

 

Пікір қосу