«91» тобы туралы фильмнің түсірілімі аяқталды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.
Биографиялық таспаға продюсер ретінде Асқар Ұзабаев, Әсел Сәдуақасова және Ерболат Беделхан атсалысты. Ал картинаның түсірілімінің аяқталғаны жөнінде Әсел Сәдуақасова хабарлады.
Фильм сюжеті бойз-бендтің басынан өткен оқиғалары, жігіттердің шығармашылық жолы мен түрлі кедергілері жайында түсірілген. Аталмыш кинокартинаның сценарийін Асқар Ұзабаев пен Сергей Литовченко бірігіп жазған.
Айта кетейік, картина режиссердің айтуынша, күз айында көрермендерге ұсынылмақ.