Қытайдың «I am a singer» («Мен әншімін») телебайқауына қатысып, танымал болған Димаш Құдайбергеннің дауысын кім сақтандырады? Қазақстанның «Форбс» журналында осындай атпен «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Дәурен Иманжановтың сұхбаты жарияланды, — деп жазады juldyz.kz порталы.
Дәурен Қасымханұлы өз сұхбатында «10 жыл болды еуропадағыдай неге танымал адамдардың дене мүшелерін сақтандырмасқа?» деген сауал төңірегінде ойланып жүрмін», — депті.
«Мәселен Реал футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналдудың аяғы сақтандырылған. Бұл батыс елдеріндегі сақтандыру саласының жоғарғы деңгейін көрсетеді. Танымал адамдарды сақтандыру арқылы компанияға жарнамада жасалады. Неге біздің жұлдыздарымызды да сақтандырмасқа? Мысалы белгілі скрипкашы Жәмилә Серкебаеваның қолын я болмаса жуырда ғана халықаралық ән байқауы арқылы даңқы шыққан Димаш Құдайбергеннің дауысын сақтандырмасқа. Бірақ , шындығында біздің шоу бизнес өкілдері мұндай қызмет түріне қаншалықты дайын екендерін білмеймін»,– дейді сақтандыру компаниясының басшысы.