22 сәуірден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Анашым, мені қалдырма…» көркем фильмінің көрсетілімі басталды. Осы фильмнің саундтрегін әнші Қуандық Рахым орындайды, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.
Фильмдегі оқиға желісі қиын жағдайда жалғыз қалған әйелдердің тағдыры жайында баяндалады. Бұл әлеуметтік драма түрлі себептермен дүниеге некесіз сәби әкелген әйелдерге қатысты жағымсыз стереотиптерді бұзып, сәбилерді жетімдіктен құтқаруды, рухани және отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуды мақсат етеді.
Телехикаяда ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, тәлім-тәрбиенің әсері, адамгершілік пен жауапкершілік сынды өткір әлеуметтік мәселелер қозғалады. Оқиғалар мен кейіпкерлердің образдары шынайы өмірден алынған.
Айта кетейік, «Анашым, мені қалдырма…» драмасы 16 бөлімнен тұрады.