Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Майами қаласына жол тартты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.

«Ассаламағалейкүм, ардақты ағайын! Ертең АҚШ еліне Майами қаласына оқу жаттығу жиындарына аттанамын»,-деп басталған жазбада Жанқош алдағы жекпе-жекке дайындық мақсатымен атанғанын сөзге тиек етеді.

Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын! Ертең АҚШ еліне Майами қаласына оқу-жаттығу жиындарына аттанамын. Мақсатымыз алдағы жекпе-жекке дайындық. Қазіргі таңда промоутерім келешек қарсыласымды анықтау үстінде. Келіссөздер жүріп жатыр. АҚШ — та рингте екі кездесу өткізу жоспарымызда бар. АЛЛА сəтін берсін! Қолдау білдіріп, əркез жігерлендіріп отыратын жанкүйерлерге мың алғыс. Осы мақсатымыз ойдағыдай орындаларына сенеміз. АЛЛА бұйыртса "EXPO-2017" көрмесі аясында да жұдырықтасуым мүмкін. Жақын уақытта жақсы жаңалықтар күтіңіздер. ІСКЕ СƏТ!!!

A post shared by Zhankosh Turarov (@zhankoshturarov) on

Айта кетейік, парақшасында боксшы алдағы уақытта АҚШ-та екі кездесу өткізетінін де хабарлады.

Пікір қосу