Астанадағы Ұлттық музейде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың қазақ тіліне аударылған үш кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.
Қазақ тіліне аударылған Гурбангулы Бердімұхамедовтың үш кітабының атауы «Ақалтеке тұлпары — мақтанышымыз бен абыройымыз», «Тұлпардың шапшаң шабысы» және «Жас тұлпарлардың самғауы» деп аталады.
Кітаптың тұсаукесер рәсімі автордың қатысуымен өтті.
Айта кетейік, кітаптар Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен аударылған. Әр кітап мың данамен басылды.