Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Ташкент қаласында өтетін Азия біріншілігінде бақтарын сынайтын боксшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы vesti.kz жазды, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.
Азия біріншілігіне қатысатын боксшылардың тізімі:
49 келі — Ержан Жомарт;
52 келі — Азамат Исақұлов;
56 келі — Қайрат Ералиев;
60 келі — Әділет Құрметов;
64 келі — Бекдәулет Ибрагимов;
69 келі — Абылайхан Жүсіпов;
75 келі — Әбілхан Аманқұл;
81 келі — Ерік Әлжанов;
91 келі — Василий Левит;
91 келіден жоғары — Қамшыбек Қоңкабаев.
Айта кетейік, 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтетін Азия біріншілігінде Германияда өтетін әлем чемпионатына жолдама сарапқа салынады.