Қазақстан тарихында тұңғыш рет бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай өзінің спорттық киімдер желісін шығарды, — деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.
Бұл туралы «NK Team» атауымен өз ісін бастағанын ҚР жеті дүркін чемпионы өзінің Инстаграм парақшасында хабарлады.
«Көздеген мақсатында жеткен адамдардың көпшілігі өз туындыларын шығаруда. Мен де сүйікті ісіме өз үлесімді қосқым келді», — деп жазды ол.
Айта кетейік, боксшы қыздың жоспарлауынша, алдағы уақытта киімдерге «ChampioNKa» белгісімен қатар, рух беретін сөздер де жазылады.