ҚР Ұлттық кітапханасында 4 сәуір күні Василий Шукшиннің «Калина красная» фильмінің көрсетілімі өтеді. Бұл туралы brod.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы жазады.
Кинокөрсетілім Лекторий.kz білім орталығымен және Ермек Тұрсыновтың киноклубымен ұйымдастырылған.
«Калина красная» фильмі 1974 жылы шыққан. Картина халық арасында «Қайғы» атанып кеткен Егор Прокудин туралы. Тас қамаудан бостандыққа шыққан соң, ол түрмеде отырғанда хат жазысып жүрген бойжеткенді көру мақсатымен ауылына баруды ұйғарады. Осылайша, күтпеген жерден сол қызға ғашық болып қалады. Қылмысқа толы өткен өмірімен біржола қоштасуды жөн санап жүргенде, достары өткенін қайта-қайта есіне сала береді.
Картина 1974 жылы Бакуде өткен Бүкілкеңестік кинофестивалінде басты жүлдені иемденген. Ал бір жыл бұрын Варшавада «Красная калинаны» поляк киносыншылары шет тіліндегі үздік фильм ретінде «Варшавалық сирена» жүлдесімен марапаттады.
Туындының көрсетілімі ҚР Ұлттық кітапханасында сағат 19:00 де болады. Көрермендер аталмыш фильмді режиссер әрі сценарист Ермек Тұрсыновпен бірге сол жерде көріп, талқылай алады.
Келем деушілерге есік ашық.