Танымал әнші Кентал биыл шаңырақ көтермек. Ол өзінің отыз жасқа толу мерейтойы кезінде көпшілікке өзінің сүйіктісін көрсетті. Бұл туралы «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды, — деп juldyz.kz порталы nur.kz-ке сілтеме жасап жазады.
Туған күн тойлағанды ұнатпайтын Талғаттың биылғы меншікті мерекесін достары жасап берген. Орда бұзар отызға қадам басқан сері жайылған ақ дастарханды көріп өзі аң-таң.
«Бүгін достарым, 30-ға келдің, өзіміз отырып шай ішейік деді. Келсем маған осындай тосын сый жасапты. Жақындарым, достарым сыйлады осы күнді», — дейді әнші.
Кентал бұл кешке жалғыз келмеген. Талғаттың таңдауы Луна есімді орыс қызына түсіпті.
«Жас қыз, 24-25те. Ол енді жеке өмірім. Оны ешкімге айтпай-ақ қояйын. Құпия болсын», — деген ол қалыңдығы туралы артық ақпаратпен бөліскісі келмеді.