Астанада «Қазақ аруы-2017» сұлулық байқауының финалы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Нұргүл Асанова иеленді, — деп juldyz.kz жазады .
Бірінші орынды қызылордалық Зуxра Сайпи иеленсе, ақтөбелік Гүлжанат Жұмажанова екінші орын, ал Әйгерім Орынбекова үшінші орыннан көрінді.
Биылғы сайысқа еліміздің әр аймағынан іріктелген 16 ару қатысып, бақтарын сынады. Еске сала кетейік, осы жылы 7-рет ұйымдастырылып отырған байқаудың тәжін өткен жылдары Ләззат Қалдыбекова, Айғаным Өтепбергенова, Әйгерім Қанатбаева, Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова және Альмира Ахатова иеленген еді.