Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жайлы 19 наурыз күні GGG–дің америкалық Дэниэл Джейкобсті Нью-Йорктегі  Madison Square Garden аренасындағы жеңісінен кейін белгілі болды.

«Қазақстан» ұлттық арнасының эфирінде хабарлағандай, Головкиннің келесі жекпе-жегі Астанада өтетеін EXPO-2017 күндеріне орай 17 маусымға жоспарланған. Жақын күндері қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездесу өткізеді.

Әзірше Генаның қарсыласы кім болатыны белгісіз. Бірнеше ақпарат көзі орташа салмақтағы WBO чемпионы — Билли Сондерс  болуы мүмкін деген мәлімет таратты.

Маусым айында өтетін жекпе-жек Генаның туған елінде болатын екінші кездесуі. Головкин бірінші рет 2010 жылы 16 желтоқсан күні  колумбиялық Нельсон Тапианы жеңіп, WBA титулын иеленген болатын.

Пікір қосу