Қырғызстандықтар Қазақстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады, — деп хабарлайды 24.kg.

Жогорку Кенеш депутаттары 2012 жылдың 11 мамырындағы Қырғызстан азаматтарының Қазақстан аумағында және Қазақстан азаматтарының Қырғызстанда болу тәртіптері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2016 жылы 17 қазанда Астана қаласында қол қойылған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады.

Хаттама Қазақстан аумағына уақытша барған Қырғызстан азаматтарын 30 күнге тіркеуден босатуды қарастырады. Сонымен бірге, қырғызстандықтар Қазақстанға кірерде көші-қон картасын толтырмайды.

 

Пікір қосу