«Келін» телехикаясындағы кішкентай «Ананди» арқылы танылған үнді актрисасы Авика Гор 9 сәуір күні Алматыға келеді, — деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасап «Жұлдыздар әлемі».
Осыған дейін актриса 2014 жылы наурыз айында Астанаға келіп, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бірнеше жобаларына қатысып кеткен болатын.
Жас актриса бұл жолы Оңтүстік Астана Алматы қаласына келіп, Қазақстандық көрермендерімен қауышпақ. Көрермендермен кездесу 9 сәуір күні «Grand Ballroom» атты мейрамханада өтпек.