Алматы-Ташкент бағыты бойынша жаңа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы қатынайтын болады, — деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Екі елдің теміржол компаниялары мүмкіндігі шектеулі жандарды және оларды алып жүретін тұлғаларға 70 пайыз жеңілдік беру туралы келісімге келді.

«Еске салайық, наурыз мерекесі қарсаңында №1/2 «Алматы-Ташкент» бағытындағы пойыз жолға шығады. Пойыз жаңа модификациядағы кең шанақты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұрады. Пойыз Алматыдан дүйсенбі және сенбіде, ал Ташкенттен сейсенбі және жексенбі жүретін болады. Жол уақыты 16 сағат 30 минуттай. Жолда тоқтайтын бекеттер: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент», — дейді компания өкілдері.

Пойыз Алматыдан дүйсенбі мен сенбі күндері, ал Ташкенттен сейсенбі мен жексенбі күндері қатынайтын болады. Жолда жүретін уақыты шамамен 16 сағ 30 минут. Аялдайтын бекеттері: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент қаласы.

 

Пікір қосу