Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ұйымның чемпиондық белбеуінің дизайнын өзгертті. Бұл туралы WBC ресми сайтында хабарланды. Енді белбеуде Қазақстан туы мен орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкиннің портреті бар.
GGG Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Шугар Рэй Леонард, Роберт Дюран, Хулио Сезар Чавес, Ларри Холмс, Виталий Кличко, Марвин Хаглер, Томас Хернс, Оскар Де Ла Хойя және Флойд Мейвезер сияқты аңызға айналған боксшылардың қатарында тұрады. «Өз елін мақтанышпен таныстырған Геннадий Головкинге құрмет ретінде бұдай былай Қазақстанның туы белбеуге әр береді», — делінген ұйымның мәлімдемесінде.
Суретке қарағанда, белбеуде Головкиннің алдағы қарсыласы Дэниэл Джейкобстың да портреті пайда болған. Алайда бұған қатысты WBC ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ. 34 жастағы Головкин WBC белбеуін 2016 жылдың мамырында алған болатын. Сол уақытта мексикалық Сауль «Канело» Альварес белбеуді жекпе-жексіз босатқан еді.