Бір рет тұрмыста болған актриса алғашқы қателігінен үлкен сабақ алған. Сондықтан Айгүл Иманбаева өнер азаматтарына жігіт ретінде қарай алмайды. Бұл туралы ол КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Алғашқы некесі сәтсіз аяқталғандықтан болар, әншінің әртіс жігіттерден көңілі қалған. Сондықтан да ол болашақ жарының басқа саладан болғанын қалайды.
Бұл туралы әнші: “Әртіс жігіттер, ренжімеңіздер. Бәрін өзімнің інім, бауырым, досым ретінде жақсы көремін, бірақ жігіт ретінде емес. Ешқайсысын, кешіріңіздер. Білмеймін, ұнамайды маған. Егер жар ретінде таңдайтын болсам, Құдай сақтасын шықпас едім. Бастан өтті ғой”, – деп айтты.
Оның бұл пікіріне әнші Өмірқұл Айниязов та қосылып: “Эстрададағы қыздардың бірде-бірін әйелім ретінде көре алмаймын”, – дейді.