Бүгінде Қайрат Нұртастың есімін бүкіл ел біледі. Оның продюсері әрі анасы Гүлзира Үсенқызының ендігі мақсаты – Қайраттан әлем танитын «мегажұлдыз» жасау. Бұл туралы КТК арнасының «Наша правда» бағдарламасында айтылды.
Ұлының ер жетіп, есейген шағында Қайраттың анасы біраз продюсердің табалдырығын тоздырған. Олардан Қайратқа қол ұшын созуды өтінген. Алайда ел танитын продюсерлердің түгелі дерлік Қайраттың болашағына сенбеген, сол себепті анасының бетін кері қайтарған. Десе де Гүлзира Айдарбекова оларға ренжімейді. Керісінше алғыс айтады. Себебі:
“Олар бетімді қайтармаса, мен бүгінгі жеткен жетістігіме жетпес едім”, – дейді ол.
Бұл ретте Гүлзира Айдарбекова Қайраттың жетістігіне әкесінің де мол үлес қосқанын айтып өтті.
“Барлықтарыңыз “мақсатыңа жеттің, сенің арқаңда Қайрат жұлдыз болды” деп жатырсыздар. Алайда шын мәнінде Қайраттың танымал әнші болуына әкесінің қосқан үлесі зор. Себебі өнер әкесінің қанында болмаса, Қайраттан жұлдыз шықпас еді”, – деп түсіндірді продюсер-ана.
Продюсер-ана болашақтағы арманымен де бөлісті.
“Ендігі арманым – сапалы мықты кинолар түсіру және Қайраттан әлемдік мегажұлдыз жасау”, – деп түйіндеді сөзін Гүлзира Айдарбекова.
Иə алдыда мақсат болса,талмай талпынып ,еңбек жасаса,үлкен жетістіктерге жетуге болады.Армандар орындалады!Тек ,армандай білу керек…..
Арман алға жетелейді….