Әнші Ақбота Керімбекова өміріндегі жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы stan.kz-ке сілтеме бере отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Ия жұрттың шулайтынындай бар, расымен де мен теңімді тауып, тұрмысқа шықтым. Сіздерге бірінші рет айтып отырмын. Тойымыз әлі болған жоқ. Алдағы оразадан кейін, жақын адамдарымыздың ортасында атап өтуді жоспарлап жатырмыз»,-деді әнші.

Бұған дейін әншінің тыңдармандары Ақбота мен Абай Бегейдің дуэттері мен суреттеріне қарап, оларды қосып та үлгерген болатын.

“Біз Абай Бегей екеуміз өнерде жақсы әріптеспіз, жақсы доспыз. Бірақ менің жарым мүлде басқа адам. Әрине өнерге қатысы бар. Бірақ ондай танымал емес. Есімі Рауан болады”,- деді әнші.

1 пікір

Пікір қосу