Алматыда Азиз Жамбакиевтің «Мотылек» фильмінің тұсаукесері өтті. Қысқаметражды лента Пусанда, Колумбияда және Непалда өткен халықаралық кинофестивальдарға қатысып үлгерген. Бұл туралы brod.kz-ке сілтеме бере отырып juldyz.kz порталы жазады.
Режиссер «Мотылек» картинасын түсіруге не түрткі болғанын айтып берді. Азиз Жамбакиевтың айтуынша, «Мотылек» өзінің жақын досы, әріптесі Сафар Шакеевке арналады.
«Маған сюжетте немесе қызықты оқиғасы бар фильмді түсіру ешқашан қызық болған емес. Режиссер ретінде мен үшін көрерменмен оқиғамен немесе сюжетпен ғана емес, кино тілімен тілдесу маңыздырақ. Мен үшін кинематограф – бұл образдар мен символдар, мен осыны «Мотылек» фильмінде көрсетуге тырыстым. мені біздің эстетика қызықтыратын, осыны дамытуға біздің мүмкіндігіміз өте мол. Өзімнің жұмысымды өз отанымда көрсету мен үшін үлкен мәртебе», — дейді ол.
Авторлардың айтуынша, кинолентаның негізгі мақсаты — басты кейіпкердің ішкі арпалысын, қорқынышын көрсету. Фильмде қыздың бір сарынды өмірі мен мұңын көрсететін уақыт есебі бар.
Сценарийді жазған Азиз Жамбакиев және Алена Алова. Фильмде басты рөлдерді Нелли Цай, Куат Абешев және Әйгерім Мұстафа ойнады.