Димаш Құдайберген атақты Men’s Health журналының Қытайдағы түпнұсқа басылымына сұхбат беріп, бастапқы бетіне шықты, — деп жазады nur.kz.
Желіде ерлерге арналған журналдың наурыз айындағы нөмірінің превью нұсқасы пайда болды. Онда Димаштың сұхбаты алғашқы бетіне жарияланған.
Қазақстандық әншіге арналған мақала «Мен қазірдің өзінде жеңімпазбын» деген тақырыппен жарыққа шығады. Бұл сөздерді Димаш сұхбатында айтыпты.
Сонымен қатар, басылымның ішкі беттерінде жас әншінің қымбат көліктің жанында түскен суреттері де жария болды.
Журналдың наурыз айына арналған нөмірі жақын арада сатылымға шығады. Алайда, ол тек қытай тілін білетін азаматтарға ғана қолжетімді.
Димаштың бұған дейін де Southern Metropolis Daily секілді қытайлық танымал басылымдарға шығып жүргенін айта кеткен жөн болар.