Әнші Қарақат Әбілдина Димашты өзге елден бұрын өз елімізде мойындамағандарға сын тақты. Әншінің айтуынша, шетелдіктер төріне шығарғаннан кейін ғана ел халқы “бұл біздің бала” деп даурығады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Ұлым деген ұлт болмаса, ұлтым деген ұл қайдан шықсын! Әттең, өзге елдер төріне шығарған кезде ғана өзіміздің бала ғой деп даурығатынымыз қиын-ақ. Қолда барда алтынның неге қадірі болмайды екен осы?!Әлемнің алдында ұлттың атын ұлықтап жүрген барлық өнерпазды осындай маxаббатпен қарсы алып, жар салып үйренсек көп байрақтың ішінен көк байрағымыз әлі талай желбірей бермек! Алға Димаш! Алға Қазақстан!” – дейді ол.
Қарақаттың бұл жазбасына желі оқырмандары сан түрлі пікір қалдырды. Олардың басым бөлігі әншінің пікірімен келіскен.
“Қарақат ханым, жақсы айттыңыз. Біз қазақтарды ғажапқа сендіру үшін үлкен дәлел керек. Оңайлықпен мойындамаймыз ғой”, “Барлық әншілердің көздері жеткен шығар енді, әнді қалай айту керектігін айтамын”, “Қазақтың көзін ашқан көрші елге мың алғыс, фонограмманы қосып, ақшаны сыпырып алған әншіні аржақтап, еліміздегі ымды білмеген дымды білмеген конкурс сымақта патша мен Құдаймын деп отырған қазылардың қаншалықты білгірліктерін Димаш қатырып дәлелдеп жүр, алға Димаш”, “Оның жауабы: бізде білікті мамандар жоқтың қасы, наыз талантты бағалай, тани алмайды қазылар”, – деп пікір білдірді олар.