Дюссельдорфта өткен Гран При турнирінде Ержан Шынкеев қола медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың соңғы күні 100 келіден жоғары салмақта сынға түскен дзюдошымыз Ержан Шынкеев Гран При турнирінің қола жүлдесін иеленді. Ол алғашқы белдесуінде бразилиялық қарсыласы Искуарде Руан 3 шидо алғандықтан жеңіс қазақстандық дзюдошыға берілді. Екінші айналымда Грузия елінің балуаны Адам Окурашвилиді вазари ұпайымен қапы қалдырды. Үшінші айналымға сүрінбей өткен қазақстандық балуан жапон дзюдошысы Харасауа Хисояшиге қарсылас атанды.
Алайда белдесу барысында сылбырлық танытқан Ержан Шынкеев үш шидо алғандықтан жеңіс жапон балуанына бұйырды. Қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік берілетін жұбаныш белдесуінде Ержанның қарсыласы Хаммо Якив боз кілемге шықпай, қазақстандық балуан жүлделі орынға таласуға мүмкіндік алды.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде сенсация орын алды. Қазақстандық балуан 100 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы Лукаш Крпалекті вазари ұпайымен жеңіп, Гран При турнирінің қола медалін иеленді. Естеріңізге сала кетсек, Гран При турнирі ақпанның 24-26-сі аралығында өтті. Жарыстың бірінші, екінші күні белдескен барлық балуандарымыз жарысты жүлдесіз аяқтады. Аталмыш додаға 50 елден 346 дзюдошы қатысты.
Жерлесим жарайсын Ержан. Алдагы жарыстарда тек женис тилеймин.