Қазақстандық боксшы Флорида қаласында шеберлігін шыңдайтын болды. Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко сұхбатында АҚШ-та өтетін дайындық жұмыстары туралы айтып берді, — деп жазады dodasport.kz.

«Нақты ештеңе айта алмаймын. Дәл қазір менеджеріммен байланыстамын. Құжаттарым дайын болысымен АҚШ-қа жол тартамын. Мен ол жаққа түбегейлі көшкелі жатқан жоқпын. Қазақстанда тұрамын, ал жаттығу жұмыстарын құрама штаттарда өткіземін. Алайда АҚШ-та көбірек боламын. Джошуаға байланысты берген сұхбатымды тілшілер сәл өзгерткен. Менің айтқым келгенін дұрыс жеткізе алған жоқ. «Джошуадан кеткен есеңізді қайтарғыңыз келеді ме?» деп сұрақ қойған. Ал мен, мәселе Джошуада емес. Менің басты мақсатым — чемпиондық белбеу. Ал жолымда кімнің кездесетіні маған маңызды емес», — деп жауап бергенмін.

 

Пікір қосу