Бұдан бірер жыл бұрын халық арасында әндері кеңінен танылған Асан Пердешов бүгінде экраннан көрінбей кетті. Ол туралы жаңалықтардан айтылмай, әндері де естілмейді. Бір кездері әндері хитке айналған әнші қазір қайда жүр?

Асан Пердешовтің «Ұмыта алмаймын», «Қара қызым», «Замира», «Апа» деп аталатын әндері халық арасында кеңінен танымал болды. Бірақ соңғы кездері оны ел ұмытқандай. Себебі, ол көгілдір экраннан да, БАҚ беттерінен көрінбейді.

Асан Пердешовтің продюсері Қайрат Әбдіхалықовтың айтуынша, әнші өнердегі жолын тоқтатқан жоқ, — деп жазады otyrar.kz басылымы. Бүгінде Асан аудан-ауылдарды аралап жеке концерт беріп жүр екен.

2016 жылы бірнеше әні жарық көрген. Шақырған жерден қалмай, қолынан келгенше талпынып жүргенін жеткізіп, алдағы уақытта жаңа әндерімен тыңдармандарын қуанта беретінін де айтқан.

 

 

Пікір қосу