«КешYOU» тобының жаңа құрамындағы қыздар туралы не білеміз? Толығырақ Caravan.kz медиа-порталының дайындаған материалын ұсынамыз.
Балжан Бидаш
Элизат Берікова
Сара Амангелді
Назым Әбілдина
Назым — жаңа құрамдағы «КешYOU-дың» ең жас әншісі. Ол 18 жаста. Бұрын «Айгөлек» бағдарламасын жүргізген. Осы уақытқа дейін «Лүпіл» тобының әншісі болды. Баян Мақсатқызы алдыңғы күні КешYOU-дың жаңа құрамын таныстырғанда: «Әнді одан да жақсы айтқан басқа қыздар (кастингте – ред.) болды. Бірақ Назым бір шұғыла шашып тұрады екен. Тартымдылығы бар. Барлық үміткерлердің арасында тұрып жымиғанда, тек сол ғана көрініп тұрды. Одан көз алмай қарап отырдым. Мұның үстіне ол бала кезінен сахнада жүр. Әлі жас екеніне қарамастан, камера, көрермен алдында еш саспайды» деген еді.
Айта кетейік, соңғы кездері «КешYOU-дан» Ақбота Сейтмағамбет пен Жұлдыз Өмірғали кеткен болатын. Аталған топтың «ВКонтактедегі» парақшасында олардың кету себебі туралы былай деп жазылған:
Ақбота 2016 жылдың 31 желтоқсанында топтан кетті.
СЕБЕП: Ол жазда тұрмысқа шығады.
Ақботаның орнына қаңтар айында топқа Элизат келді.Жұлдыз 2017 жылдың қаңтар айында топтан кетті.
СЕБЕП: 2014 жылдан бері өзін өте жақсы көрсете алмағаны үшін оны Баян Мақсатқызы топтан алып тастады.