Жаңа “КешYou” квартеті енді мүлдем жаңа стильде ән салатын болады. Енді төрт қыздың бірі рэп орындамақ. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“КешYOU” тобы бұрынғы құрамның репертуарында бұрыннан бар әндерді де орындайды. Одан бөлек, жаңа форматтағы әндер жазбақ.
“Әлемдік трендтардың барлығын бақылап отырамыз. Өзіміздің жаңа стилімізде қолданатын боламыз. Екі айдан бері бірге дайындалып жатырмыз: ән, вокал. Бір бірімізден үйреніп жатырмыз”, – дейді Балжан Бидаш.
Топқа жаңадан қосылған Сара мен Элизатты тыңдармандар жақсы біледі. Олар бұған дейін Есентаеваның қарамағындағы екінші қыздар тобы “Лашында” ән салған. Ал Назым Әбілдина кастинг арқылы іріктелген. Оның да бұл салада тәжірибесі де бар.
“Маған қиын емес. Өйткені мен 8 жасымнан бері сахнадамын. «Айгөлекті» жүргіздім, «Лүпіл»тобында ән салдым. Білмейтінімді қыздар үйретіп жатыр”, – дейді Назым.
Жаңа құрам алғаш рет сахнаға ертең, яғни 10 ақпан күні шығады. Олар Сейдолла Бәйтерековті еске алу кешіне қатысады.