Жақсы есім – баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді.  Оған өзінің есімінің артықшылықтарын айтып, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып отырған жөн. Осы орайда біз есімдер туралы қызықты мәліметтерді жалғастырамыз. Бұл жолы қазақ еліне әйгілі Нұржандарды juldyz.kz тізбектеп көрді.

Нұржан есімі араб тілінен аударғанда, жан біткеннің нұрлысы, әдемісі деген мағынаны білдіреді екен.

  1. Нұржан Қалжан — ерекше дауыстағы әнші. Көпшілікке «Бұлбұл құсым» әні арқылы танылған. Алайда, қазір көрінбей жүр.

2. Нұржан Тәжікенов — күйші, Баян Есентаеваның жобасының бірі. Оның «Сағыныш», «Ла Ла Лэй», «Сезім» атты авторлық күйлері бар.

3.Нұржан Керменбаев — әнші, тыңдармандарына «Капкарашка» есімімен танылды. «Алыста жүрсең де», «Мың сұрақ», «Әттең, әттең» т.б. андері бар.

4. Нұржан Тутов —  актер, пародист, шоумен, әйгілі жүргізуші. «Тамаша» әзіл-сықақ театрында қызмет етті. Кейін Тұрсынбек Қабатовтың «Базар жоқ» әзіл-сықақ театрында көрінді.

5. Нұржан Жанпейісов — дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері.  Гастрольдік сапармен Қытайда, Ресей қалаларында өнер көрсеткен.

6.Нұржан Сертеков — домбырашы, ҚР Білім беру ісінің құрметті азаматы. Оқушылары бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты.

7.Нұржан Наушабаев — ақын, діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Ақынның “Көкем-ай”, “Көңіл ажар”, “Жан сәулем”, “Асылай”, “Мұқидаш”, “Бес тілек”, т.б. әндері ел арасына кең тараған.

8.Нұржан Аташ — актер, шоумен. «Аяулы арман», «Айман-Шолпан» сериалдарында басты рөлдерді сомдаған.

9. Нұржан Төлендиев — актер, «Шаншар», «Алдараспан» театрында актер болып қызмет етті. Көпшілікке «Тука», «Қошан» есімімен танылған.

10.Нұржан Құлжынбаев — актер, «Шаншар» теартының актері. Көбіне сахнаға әйел образын алып шығады.

Пікір қосу