Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімін пара алғаны үшін ұстады. Бұл туралы құзырлы мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды.
Акчуриннің «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры А.Басқанбаевпен сыбайлас бола отырып, «СБС-Снаб Сервис» ЖШС мен Install Service Com ЖШС-ін құрғаны белгілі болды. Осылайша олар, аталмыш серіктестіктерге 2016 жылы 1,8 млрд теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алуларды ұтуға мүмкіндік жасаған.
Одан бөлек, Акчурин әкімдік қызметкерлеріне қоластындағы компанияларға болысу үшін бірнеше рет пара берген. Бүгінде ол уақытша оқшаулағышқа қамалды.