Өтіп бара жатқан жыл әншілер үшін табысты жыл ретінде есте қалмақ. Ал мешін жылы бағы жанып, өнер майданында жарқ еткен жаңа есімдер кімдер? Толығырақ juldyz.kz дайындаған материалда.
- Қуандық Рахым -әнші. Қазір «Меломен» тобының экс-продюсері Жанна Абуованың жетекшілігінде. Көпшілікке «Сенің күлкіңнен аумайды» әнімен танымал болған әнші «Музарт-live» жобасына қатысты.
2. Ләззат Байырбекова — әнші, жстрадамыздағы белгілі әнші Жазира Байырбекованың туған әпкесі. Қазір «Zhandaus» продюсерлік орталығының жетекшілігінде. Сахнадағы лақап аты — «Қамарсұлу».
3.»Ассай» тобы — ағайынды бауырлардан құрылған топ. Қазір Талған Тауметтің жетекшілігінде. Топ мүшелері: Серғазы Нұржанұлы мен Фархад Тәжімет. Олар көпшілікке алғаш рет «Томпақ қыз» әнімен танылған.
4.Эльдар Отарбаев — әнші әрі Ғ.Мүсірепов атындағы театр актері. Биыл ғана танылған жеке әнші боп танылған Эльдардың репертуарында әндер аз. Оның алғашқы туындысы — «Ботадай» әні.
5. «МузАРТ live» ізбасарлары — 4 жігіттерден құрылған «Музарт live» жобасының жеңімпаздарынан құралған. Топта жобада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққан Серікболсын Кішкенбаев, Нұрхат Сегізбаев, Әзиз Балтабекұлы, Сұлтан Ахмет өнер көрсетеді.