Әнші Кәмшат Жолдыбаева әншілер мен актерлерді «журналистердің нанын тартып алып отыр» деп сөгетіндерге жауап берді. Бұл туралы ол «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтты. 

Оның айтуынша, егер әнші немесе актер тележүргізушілікті жақсы атқара алса, онда оның еш сөкеттігі жоқ.

«Әнші бағдарламаны мықты, ерекше етіп жүргізсе, оның несі айып? Әртүрлі пікірлер  бар. Сіздің әріптестріңіз «ойбай, әншілер немесе актерлер біздің нанымызды тартып жеп алып жүр, әркім өз саласының маманы болсын» деген пікір айтады.  бұл әлсіз мамандардың, әлсіз жандардың айтатын жанайқайы. Мықты болсаң, сен ешқашан да далада қалмайсың деп Мен ойлаймын.», — деді ол.

Мұны естіген бағдарлама жүргізушісі: «Әріптестер, дайындалыңыздар, Кәмшатты жан-жақтан жеуге», — деп күлді.

Пікір қосу