«Кешью» тобының солисі Ақбота Сейтмағамбеттке үйленетін жігіт  продюсер Баян Мақсатқызына  айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы ол НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына телефон арқылы берген сұхбатында айтты.

Продюсер Баян Мақсатқызы: «Ақботаның тұрмысқа шығатын жігітімен өзім сөйлестім. Себебі ол Ақботаның бізбен келісім-шартқа отырғанын, кәмілеттік жасқа толғаннан кейін өз еркімен қол қойғанын түсінбеген сыңайлы. Сол себепті ол келісім-шартта көрсетілген сомаға сәйкес айыппұл төлейді. Егер әр қызды айыпсыз жібере беретін болсам, банкротқа ұшырайтыным анық. Біз топ құрамын ауыстырып қойдық. Бұл ел күтпеген құрам болады. Ал дәл қазір оның анық-қанығын айтпаймын. Ал «КешYou» тобы өз жұмысын әрі қарай жалғастырады. Қазіргі уақытта дайындық, ән жаздыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр», — деді.

Бұған дейін Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығуына байланысты Кешью тобынан кететін мәлімдеген еді. Желіде тараған ақпаратқа сенсек, Ақбота Сейтмағамбет «Гламур для дур» фильміндегі әріптесі Дәурен Айдарқұловпен отбасын құрады.

Пікір қосу