3-4 желтоқсан күндері өткен Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының жеңімпазы анықталды. Бұл туралы juldyz.kz тілшісі хабарлайды.
Республика сарайында өткен дәстүрлі жыр додасында «Алтын домбыраны» қызылордалық Мұхтар Ниязов жеңіп алды. Жеңміпазға«Алтын домбыра» мүсінімен қатар, 3 миллион + 2 млн теңге сыйақы берілді.
1-орын Болатбек Оразбаевқа (2 млн + 1 млн теңге), 2-орын Жансая Мусинаға (1 млн теңге) бұйырса, Ал 3-орын Серікзат Дүйсенғазы, Мейірбек Сұлтанғазы, Иранғайып Күзенбаев пен Өміржан Көпбосыновқа берілді (әрқайсысына 500 мың теңгеден) берілді.
Ақындардың өнерін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев, Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілов, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, «Дарын» сыйлығының лауреаты Мұхамеджан Тазабек, «Дарын» сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы сынды танымал ақындардан жасақталған қазылар алқасы бағалады. Республикалық айтыс Алматы қаласының әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті.