Польша елінің Вроцлав қаласында әйелдер арасындағы «Krystyna Hołuj-Radzikowska» Халықаралық турнирінде Жансая Әбдімәлік бас жүлдені еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алтыншы рет жалауын желбіреткен жарыс 23 қарашада басталды. 1 желтоқсан күні өз мәресіне жетті.
Қазақстан намысын қорғаған шахматшы Жансая Әбдімәлік мүмкін болған 9 ұпайдың 7-еуін еншілеп, бас жүлдені жеңіп алды. Ол 5 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ал қалған төртеуімен тең түсіп, турнирдегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.