ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қабылдауында болған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров елімізде жеке бокс кешін өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өз елімде жеке бокс кешін өткізуді армандап жүрмін. Ол Астанада өте ме, әлде, Алматы да өтеме — қай қалада өтсе де, жергілікті жанкүйерлер жақсы қырынан қолдайтынын білемін. Алдағы уақытта бұл жоспарымды жүзеге асырсам деп ойлап жүрмін. Ал ЭКСПО кезінде бокс кешін ұйымдастыра аламыз ба, жоқ па, оны бүгін спорт басшыларымен отырып шешетін боламыз», — деді боксшы.
Сонымен бірге, ол кез келген боксшымен жұдырық түйістіруге дайын екенін де ашып айтты.
«Алматыда өткен жекпе-жектен кейін аз да болса тынығып қалдым. Енді қаңтар айында АҚШ-қа аттанып, жаттығуымды бастаймын. Қазір нағыз бабымдамын. Кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын», — деді Жанқош Тұраров.