Танымал журналист Айгүл Мүкей жалғыз ұлы Асанәліні жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге әкелгенін мойындады. Бұл туралы ол 31-арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтып берді, — деп хабарлайды nur.kz.
Ол өзінің жеке өмірі туралы ашылып айтып, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Жалғыз ұлы Асанәлінің жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келгенін мойындаған журналист баласының әкесі туралы да айтты.
«Баланың әкесі бар. Бәлкім болашақта отбасын құратын да шығармыз», — деп қысқа қайырған Айгүл тойдың болатын күні де таяу екенін аңғартты.
Сонымен қатар денсаулығындағы кінәраттан бала көтере алмаған Айгүл жиырмаға жуық жасанды ұрықтандыруға барғанын да айтып берді.
кандай жолмен болса да АНА атануымен куттыктаймын!
Батыры аман болсын!